Сізге Көлік құралдарының аялдау немесе тоқтап тұру ережелерін бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады, ҚР ӘҚБтК 597-бабы, 4-1-бөлігі).
Бір жыл ішінде қайталап бұзу 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Егер Сіз уәкілетті орган шығарған айыппұлмен келіспесеңіз, Сіз өз көлігіңіздің тұрған уақыты және Сіз төлеген төлем сомасы туралы деректерді сұратуға және тексеруге құқылысыз.
Ол үшін мына сілтемеге өтіңіз және келесі құжаттардың көшірмелерін тіркеңіз:
1. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
2. Өтініш берушінің жеке куәлігінің көшірмесі;
3. Айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманың көшірмесі;
4. Төлемді растайтын құжаттың көшірмесі;
5. Сақтандыру полисінің көшірмесі (егер өтініш беруші көлік құралының меншік иесі болмаса);
Сұратылған деректер 15 күнтізбелік күн ішінде ұсынылады. Өтініштің мәртебесін тексеру үшін Сіз бізбен Facebook немесе Instagram-дағы жеке хабарламалар арқылы байланыса аласыз).
Негіздер болған жағдайда, көлік қоятын орындардың Операторы уәкілетті органға әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізуді тоқтату туралы ұсыныс хатпен жүгінуге құқылы.
ҚР ӘҚБтК-нің 893-бабына сәйкес айыппұл ұйғарым шығарылған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмей төленуі тиіс. ҚР ӘҚБтК-не сәйкес айыппұл уақтылы төленбеген жағдайда айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама айыппұл салу туралы қаулыны немесе айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы ерікті түрде орындау мерзімі аяқталғаннан кейін он күн ішінде «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік сот орындаушыларымен, өңірлік палаталарындағы жеке сот орындаушыларымен мәжбүрлеп орындатуға жіберіледі.
«Алматы СпецТехПаркинг Сервис» ЖШС қызметкерлерінің жұмысына шағымды келесі мекенжай бойынша беруге болады:
Алматы қаласы, Зеленая көшесі, 16 үй, пошталық индекс 050023.
Facebook және Instagram-дағы «Алматы тұрақтары» ресми парақшасында, сондай-ақ БАҚ-та ақылы көлік қоятын орын аймақтарын ашу туралы хабарландырулар тұрақты түрде жарияланады. Тікелей ақылы көлік қоятын орнында жобаны іске қосу мерзімі, пайдалану ережелері және төлем шарттары туралы ақпарат бар қалқандар орнатылған.
Көлік қоятын орын автомобильдерді сақтау орны болып табылмайды және «Алматы СпецТехПаркинг сервис» ЖШС көлік құралдарының сақталуына жауапты болмайды. Көлік қоятын орын аумағындағы форс-мажорлық жағдайлар ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
Сұрақтар мен ұсыныстарды бірыңғай байланыс орталығына телефон арқылы: +7 (727) 331-39-49, немесе aparking.kz сайтына, не мына мекенжайға: Алматы қ., Зеленая к., 16-үй, пошталық индекс 050023 жолдауға болады.
Паркоматтар энергия үнемдеу технологиясын есепке ала отырып әзірленген және күн батареяларынан жұмыс істейді. Олардың жұмысы тек «Іске қосу» батырмасын басу арқылы белсендіріледі.
Мүгедектер тиісті таңбалармен, ақпараттық көрсеткіштермен не жол белгілерімен белгіленген мүгедектерге арналған арнайы бөлінген тұрақ орындарында өзінің «Мүгедек» деген айырым белгісі бар көлік құралын кез келген уақытта тегін қоюға құқылы.
Бұдан басқа, коммуналдық ақылы автотұрақтардағы (автомобиль қоятын орындардағы, паркингтердегі) тегін көлік қоятын орындарын растайтын тиісті құжат негізінде (пайдаланушы ұйымда жеңілдік тиісінше ресімделген жағдайда) көлік құралдарының мынадай меншік иелері пайдаланады:
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектері және соларға теңестірілген адамдар;
2) I және II топ мүгедектері.
Азаматтардың жоғарыда көрсетілген санатына тротуар үлгісіндегі жеңілдікті көлік қоятын орынға рұқсатты ресімдеу үшін ссылке Жоғарыда қашықтықтан көрсетілген санаттағы азаматтардың тротуар үлгісіндегі көлік қоятын орынға жеңілдікпен тұрақ рұқсатын ресімдеу үшін сілтеме бойынша өтіп, келесі құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет:
• I және II топтағы мүгедектерге:
1) өтініш берушінің жеке куәлігі;
2) өтініш берушінің меншігіндегі көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
3) мүгедектік туралы анықтама;
4) баланың туу туралы куәлігі (егер мүгедек бала болса);
5) қамқоршы куәлігі (егер мүгедек бала болса);
5) толтырылған өтініш (бланкті мына сілтеме бойынша жүктеуге болады).
• Ұлы Отан соғысының қатысушылары, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға:
1) өтініш берушінің жеке куәлігі;
2) өтініш берушінің меншігіндегі көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
3) жеңілдіктер алу құқығын растайтын құжат.
Сіздің өтінішіңіздің мәртебесін біздің Қолдау қызметімізге келесі нөмір бойынша хабарласып тексеруге болады:
+7 (727) 331-39-49 немесе Facebook немесе Instagram-дағы жеке хабарламалар арқылы.
Алаңдық үлгідегі көлік қоятын орындардағы жеңілдіктерді пайдалану үшін рұқсатты ресімдеу талап етілмейді. Жоғарыда аталған санаттағы азаматтарға көлік қоятын орыннан шыққан кезде инспекторға жеңілдік алу құқығын растайтын құжатты ұсыну жеткілікті.
Тротуар үлгісіндегі көлік қоятын орындар үшін резиденттік рұқсатты ресімдеу үшін қашықтан сілтемеге өтіп, келесі құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет:
1) өтініш берушінің жеке куәлігі;
2) көлік құралын тіркеу туралы куәлік;
3) өтініш берушінің тіркелген мекенжайын растайтын құжат (көшірмесін eGov порталынан қалай алуға болатындығы туралы нұсқаулық);
4) өтініш берушінің жеке кабинеті байланысқан телефон нөмірі*;
5) өтініш (мысал).
Жоғарыда көрсетілген құжаттарды жібергеннен кейін резиденттік рұқсатты белсендіру үшін жеке кабинеттегі* шотты 6000 теңге сомаға толтыру қажет. Шотты толтыру жеке кабинетте немесе интернет-банкинг арқылы сіздің ұялы телефоныңыздың нөміріне байланыстырылған банк картасы арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Kaspi –> Төлемдер –>AParking жеке шотты толтыру қосымшасы).
Көрсетілген соманы сіздің шотыңыздан есептен шығарғаннан кейін Сіз көрсеткен көлік құралының деректері AParking ақпараттық базасына енгізіледі. Егер бір күн ішінде тиісті хабарлама келіп түспесе және резиденттік рұқсаттың құны есептен шығарылмаса, мына нөмір бойынша колл-орталыққа хабарласыңыз: +7 (727) 331-39-49.
* Егер сіздің жеке кабинетіңіз болмаса, сіз сайтта тіркеуден өтуіңіз қажет: http://lk.aparking.kz.
ЖАҢАРТУ: 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мынадай өзгерістер күшіне енеді:
⠀
• «Барлық аймақтарға абонемент, 24 сағат» қызметін іске асыру тоқтатылады.
• Бір аймаққа өткізілетін абонементтер санына әрбір учаске үшін көлік қоятын орындардың жалпы санынан 10% мөлшерінде шек қойылатын болады.
• Берілетін резиденттік рұқсаттар санының шегі – бұл әр аймақ үшін көлік қоятын орындардың жалпы санының 20% құрайды.
• Жүйені одан әрі оңтайландыру үшін жұмысты мұқият бақылауды жоспарлап отырмыз. Шектеулер енгізілгеннен кейін трафиктің тәртібіне үнемі мониторинг жүргізіледі.
• МАҢЫЗДЫ. Өткізілетін абонементтер мен резиденттік рұқсаттардың саны БАСТЫ МІНДЕТКЕ сүйене отырып түзетілетін болады – барлық көлік қоятын орындардың кемінде 10%-ы КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА бос болуы тиіс.
Сіз абонементтің келесі түрін рәсімдей аласыз:
1 тұрақ аймағына абонемент. Көбінесе оны жұмыс орнына жақын жерде көлік қоятын орынға қою үшін сатып алады.
• Құны: 6 000 тг.
• Қолданылу мерзімі: 1 ай.
⠀
Абонементтерді жеке кабинет* арқылы бірнеше рет басу арқылы http://lk.aparking.kz сайтында «Менің жеке шотым –> Параметрлер – > Менің абонементтерім» бөлімінде сатып алуға болады. Абонементті белсендіру келесі түрде жүзеге асырылады: «Менің абонементтерім» бөлімде абонемент түрін таңдау, көлік құралын анықтау (МТНБ көрсету) және «Төлеу» терезесін басу қажет. Абонементті белсендіру кезінде сіздің шотыңызда қажетті сома болуы тиіс. Шотты толтыру жеке кабинетте немесе интернет-банкинг арқылы сіздің ұялы телефоныңыздың нөміріне байланыстырылған банк картасы арқылы жүзеге асырылады (мысалы, Kaspi –> Төлемдер –>AParking жеке шотты толтыру қосымшасы).
Ескертпе: сіздің жеке кабинетке қосқан көлік құралының әртүрлі мемлекеттік нөмірлеріне (МТНБ) бірден бірнеше абонемент сатып алуға мүмкіндігіңіз бар.
Абонементті сатып алғаннан және белсендіргеннен кейін таңдалған аймаққа сәйкес кез келген ақылы көлік қоятын орынға көлік құралын қоюға болады.
МАҢЫЗДЫ: егер абонемент уақтылы белсендірілмесе немесе сайтта тіркелу кезінде көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің қате нөмірі көрсетілсе, жүйе құқық бұзушылық туралы деректерді автоматты түрде Алматы қаласының Полиция департаментіне жібереді.
* Егер сіздің жеке кабинетіңіз болмаса, сіз сайтта тіркеуден өтуіңіз қажет: http://lk.aparking.kz.
ЖАҢАРТУ: 2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап мынадай өзгерістер күшіне енеді:
⠀
• «Барлық аймақтарға абонемент, 24 сағат» қызметін іске асыру тоқтатылады.
• Бір аймаққа өткізілетін абонементтер санына әрбір учаске үшін көлік қоятын орындардың жалпы санынан 10% мөлшерінде шек қойылатын болады.
• Тұрғындар басымдыққа ие болады. Сондықтан берілетін резиденттік рұқсаттар санының шегі абонементтерге қарағанда жоғары болады – бұл әр аймақ үшін көлік қоятын орындардың жалпы санының 20% құрайды.
• Жүйені одан әрі оңтайландыру үшін жұмысты мұқият бақылауды жоспарлап отырмыз. Шектеулер енгізілгеннен кейін трафиктің тәртібіне үнемі мониторинг жүргізіледі.
• Маңызды. Өткізілетін абонементтер мен резиденттік рұқсаттардың саны басты міндетке сүйене отырып түзетілетін болады – барлық көлік қоятын орындардың кемінде 10%-ы кез келген уақытта бос болуы тиіс.
⠀
Ағымдағы резиденттік рұқсаттар мен абонементтер мерзімі аяқталғанға дейін өз қолданысын жалғастырады.
Абонементті +7 (747) 905-85-86 телефоны бойынша компанияның сауда өкілімен байланысып, көлік қоятын орын аумағында ғана сатып алуға болады.
Көлік қоятын орындарға деген сұраныстың артуына байланысты қол жетімді абонементтердің ең көп санына шектеу қойылды. Оларды алдын-ала сатып алуды ұсынамыз.
Өтінішті жіберу
Мыналар негізінде:
1. «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексі. (Сілтеме)
2. «Жол қозғалысы туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 194-V ҚРЗ Заңы. (Сілтеме)
3. Алматы қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 3/375 қаулысы. «Алматы қаласының көлік құралдарын көлік қоятын орынға қойғаны үшін ақы алуға және олардың көлік қоятын орында тұрған уақытын есептеуге арналған сертификатталған арнайы құрылғылармен жабдықталған орындарда тарифті белгілеу туралы» (Сілтеме)
4. Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 14 қарашадағы N 4/975 «Алматы қаласының ақылы автотұрақтарын (автомобиль қоятын орындары) ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» қаулысы (Сілтеме)
5. «Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шілдедегі N 258 заңы. (Сілтеме)
6. Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 Жер кодексі. (Сілтеме)
Қазіргі уақытта Алматы қаласында паркоматтардың 3 түрі ұсынылған:
1. Тротуар үлгісіндегі (сары) көлік қоятын орындарға қызмет көрсету үшін паркоматтар банк карталары мен номиналы 50 және 100 теңгелік монеталарды қабылдайды.
2. Тротуар үлгісіндегі (қара) көлік қоятын орындарға қызмет көрсету үшін паркоматтар номиналы 50 және 100 теңгелік монеталарды және номиналы 200 және 500 тг қағаз ақшаларды қабылдайды.
3. Алаңдық үлгідегі (шлагбаумдары бар) көлік қоятын орындарға қызмет көрсету үшін паркоматтар номиналы 50 және 100 теңгелік монеталарды және номиналы 200 және 500 тг қағаз ақшаларды қабылдайды.
1. Паркомат арқылы тікелей көлік қоятын орында.
2. "Алматы тұрақтары" мобильді қосымшасы арқылы.
3. Өз телефоныңыздан SMS хабарлама жіберу арқылы.
4. QIWI және KASSA24 терминалдары, сондай-ақ Kaspi Әмиян электрондық төлем жүйесі арқылы.
5. Сіз минуттық төлеуді көздейтін «Алматы тұрақтары» смартфондарға арналған қосымшаны пайдалана отырып, ақшаңызды үнемдей аласыз.
Егер, көлік қоятын орын үшін төлем жүргізу кезінде, сіз автомобиль нөмірін көрсеткен кезде қате жіберсеңіз, келесі нөмір бойынша бірыңғай колл-орталығымен байланысуыңызды сұраймыз: +7 (727) 331 39 49.
Бекітілген тарифке сәйкес сараланған учаскелерден тыс көлік қоятын орындар құны сағатына 100 теңгені құрайды.
Тротуар үлгісіндегі көлік қоятын орындарға арналған төлем түрі: автомобильді көлік қоятын орынға қойғаннан кейін 15 минут ішінде төленуі тиіс алдын ала төлем.
Алаңдық үлгідегі (шлагбаумдары бар) көлік қоятын орындарға арналған төлем түрі: кейіннен төлеу. Жеңілдікті уақыттың болуы қарастырылмаған.
Көлік қоятын орынның құны Алматы қаласы әкімдігінің 11 тамыздағы 2016 жылғы № 3/375 қаулысына сәйкес анықталған. Қаулы Алматы қаласының Әділет департаментінде 2016 жылғы 9 қыркүйекте № 1306 тіркелді
1. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – көлік қоятын орын банк картасымен төленеді.
2. Қолма–қол есеп айырысу - номиналы 50 және 100 теңгелік монеталар, сондай-ақ номиналы 200 және 500 тг. қағаз ақшалар қабылданады.
Қолма-қол ақшамен тұрақтың кем дегенде жарты сағатын төлеуге болады.
Смартфонға арналған "Алматы тұрақтары" қосымшасын пайдалану немесе Active және Beeline абоненттері үшін СМС-хабарламалар арқылы төлем жасау. Бірінші және екінші жағдайда төлем минут сайын болады.
Болады, бірақ егер сіз өз көлігіңізді сағат 19.00-ден кейін және 8.00-ге дейін қалдыратын болсаңыз. Мысалы Сіз сағат 7.30-да 100 теңге төлей аласыз, бұл сізге көлік қоятын орынды сағат 7:30-дан 9:00-ге дейін пайдалануға мүмкіндік береді. Яғни, жүйе ақшаны автоматты түрде ақылы мерзімге ауыстырады.
Көлік қоятын орындардың жұмыс регламентіне сәйкес тұрақ үшін төлем алғашқы 15 минутта жасалады. Түсінбеушілікке жол бермеу үшін автомобильді қалдырғанға дейін көлік қоятын орын ақысын төлеңіз. Осылайша сіз көлік қоятын орынға келудің дұрыс уақытын төлегеніңізге сенімді бола аласыз. Дұрыс есептелмеген уақытқа байланысты кем төлеу нәтижесінде алынған айыппұлдар жойылуға жатпайды.
Көлік қою қанша уақытқа созылатынын білмейсіз бе?
Минут сайын төлеу және сессияларыңызды басқару үшін Almaty Parking мобильді қосымшасын орнатыңыз. Көлік қоятын орынға артығымен төлеңіз және оны өзіңізге ыңғайлы болған кезде аяқтаңыз. Пайдаланылмаған қаражат сіздің жеке шотыңызға бір минутына дейін қайтарылады. IOS және Android қосымшалар дүкендерінде қол жетімді.
Егер тұрақ ақысын паркомат арқылы төлеген кезде автомобильдің қате мемлекеттік нөмірін көрсетсеңіз, сол күні сағат 19:00-ден кешіктірмей сіз +7 (727) 331-39-49 нөмірі бойынша біздің Қолдау қызметімізге хабарласып, қажетті түзетулер енгізуіңіз қажет.
Естеріңізге сала кетейік, онлайн-төлемдер төлеудің ең сенімді тәсілі болып қала береді. Мысалы, біздің мобильді қосымша арқылы сіз бірнеше рет басу арқылы көлік қоятын орынның ақысын ғана төлеп қоймай, сондай-ақ баптауларда бірден бірнеше мемлекеттік нөмірді сақтап және сізге ыңғайлы болған кезде олар үшін төлем жасай аласыз. IOS және Android қосымшалар дүкендерінде қол жетімді.